Елордалық ардагерлер флешмоб өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Халықаралық қарттар күні айлығы басталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Халықаралық қарттар күні аясында Нұр-Сұлтандағы Жазушылар аллеясында «Ардагерлер саламатты өмір салты үшін» ұранымен спорттық флешмоб өтті.
Оған қаланың 50-ден астам спортшы ардагері қатысып, фитнес нұсқаушының басшылығымен жаттығулар жасады. Осылайша, Халықаралық қарттар күніне арналған қалалық Ардагерлер кеңесінің айлық шаралары ашық аспан астындағы ұжымдық жаттығумен басталды.
Шара соңында қатысушылар концерт өткізіп, өздерінің арнайы дайындаған нөмірлерін орындады.
Шараны ардагерлер қозғалысын дамыту мақсатында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ қалалық филиалы Нұр-Сұлтан қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халық Қаһарманы ерлік сабағын өткізді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы