Елордалық 34 мыңға жуық бала тұмауға қарсы екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада азаматтарды тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы егу науқаны аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Вакцинациямен 7270 медицина қызметкері, 33 789 бала, жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде 6000 жүкті әйел, созылмалы аурулар, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын 47 281 адам қамтылды.
15 қазаннан 18 қарашаға дейін елордада тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы тұрғындарды иммундау акциясы өтті. Әкімдік жергілікті бюджет есебінен 100 мың мөлшерде "Гриппол Плюс" ресейлік өнімінің вакциналары сатып алды.
Қауіп-қатер тобына жататын елорда тұрғындарына тіркелген мекен-жайы бойынша емханалардан тегін екпе жасалды. Жалпы 7270 медицина қызметкері, 33 789 бала, жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде 6000 жүкті әйел, созылмалы аурулар, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын 47 281 адам егілді.
Тұмау вирусы жөтелу немесе түшкіру кезінде жұқтырған адамнан ауа тамшыларымен, сондай-ақ қарапайым заттармен (есік тұтқалары, лифт түймелері, автобустың тұтқалары, қағаз ақша, қол сөмкелері арқылы) оңай жұғатынын айта кеткен жөн. Көп жағдайларда ЖРВИ салыстырмалы түрде оңай көтеріледі. Бірақ тұмау кезінде дене қызуы 39-40 С жоғары, қалтырау, жөтел, жалпы әлсіздік, мұрынның бітелуі, қатты бас аурулары, сондай-ақ бұлшық еттер мен буындардағы ауырсыну мен сырқырау байқалады.