Елордаға 55 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді – қала әкімі

Бұл туралы мегаполис басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Белгілі болғандай, медициналық орталықтар мен жедел медициналық жәрдем станциясын жүйелі түрде жабдықтау жұмысы жүріп жатыр. Жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіне тағы 55 автокөлік қосылды. Олардың басым бөлігі – реанимобильдер.

Осыған дейін 100-ден аса автокөлік тапсырылған. Осылайша, автопарк айтарлықтай модернизацияланып, машиналар саны артты. Арнайы автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған: өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор-мониторлар, электрлі сорғыштар, жедел медициналық көмек көрсету үшін реанимациялық құрылғылары бар жиынтықтар (электрокардиограф) және т.б.

Мемлекет басшысы медицина саласын дамытуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға, жедел медициналық көмек қызметін жаңғыртуға ерекше көңіл бөледі, - деп атап өтті елорда әкімі. 

Сонымен қатар соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталған. 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны (олардың 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды, бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша тиісті жобалар іске асып жатыр.

Сол сияқты «Жағалау-3» және «Нұрлы жол» вокзалы аумағында амбулаториялық-емханалық кешен, Көктал-1, Пригородный, Тельман және т.б. елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарының құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жалақысы жүйелі деңгейде өседі, жоғары білім алуға жыл сайын гранттар бөлінеді деп күтілуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы