Елордадан шығатын жолдар ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының жақсаруына байланысты елордадан Теміртау, Щучинск және Ерейментауға дейінгі жолдар ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы өзінің Telegram каналында мәлім етті.
24 наурыз күні сағат 16.30-да ауа райының тұрақтануына байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург – Алматы күре жолының 1291 – 1425 шақырымы, Нұр-Сұлтан – Теміртау учаскесінде Нұр-Сұлтан қаласынан көліктің барлық түріне автокөлік қозғалысы ашылды.
24 наурыз күнгі сағат 16.40-та ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан - Петропавл тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесі ашылды.
24 наурызда сағат 21.00-де ауа райы жағдайының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті автожолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан – Ерейментау учаскесінде Нұр-Сұлтан қаласынан көлік қозғалысы ашылды.
25 наурыз күні республиканың 11 облысында ауа райына қатысты ескерту жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы