Елордадан көпбалалы 18 отбасы Павлодар облысына қоныс аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ұзақ жыл баспана кезегінде тұрған жандарға Екібастұз қаласынан арендалық пәтер берілді. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Шағын қаладағы баспананың шаршы метрі елордамен салыстырғанда едәуір арзан. 2-3 бөлмелі пәтерге айына 8 мың теңгеден төлейді. Арзан үй өз алдына, көшіп барған отбасылардың балалары балабақшаға кезексіз орналасады. Еңбекке жарамды мүшелеріне жұмыс тауып береді. Нұр-Сұлтан қалалық «Тұрғын үй қоры» мемлекеттік мекемесі мен Павлодар облыстық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бірлескен жұмыстарды жалғастырады. Жалпы мамыр айының басында 17 отбасы Екібастұзға қоныс аударып, орналасқан болатын.

«Бізге үш бөлмелі беріліп жатыр. Әкімшілік бізді шақырып, «Екібастұздан үй беріліп жатыр екен, келіңіз» деген соң қуана-қуана келіп, осылай тіркелдік», - дейді көпбалалы ана Әсем Саттарова.

«Тұрғын үй қоры» баспанаға мұқтаж жандарға арнайы хабарлап, осындай жобаның бар екенін айтқан.

«Бұл отбасылары біздің мекемеде үй кезегінде тұрған болатын. «Тұрғын үй қоры» баспанаға мұқтаж жандарға арнайы хабарлап, осындай жобаның бар екенін айтты. «Нұрлы-Ертіс» бағдарламасымен олар Екібастұз қаласына көшуге келісті. Көшіп барған отбасыларға барлық жағдай жасалады», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық «Тұрғын үй қоры» КММ директоры Нұрсұлу Қожахметова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы