Елордадан бір тәулікте 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте екі ауысымда жұмыс істеуде. Бүгін елордада қар күреу жұмыстарына екі мыңға жуық жол жұмысшы шықты, 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бір күн бұрын елордада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып кетті.

Нұр-Сұлтан қаласында қар күреу жұмыстарын жүргізу кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымда қарқынды жүргізіледі.

24 наурыздан 25-іне қараған түні қаладан 54 мың текше метрден астам, тәулігіне 111 мың текше метрден аса қар шығарылды. Қарды күреуге 1200-ден астам арнайы техника мен 200-ден астам жол жұмысшы шықты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстарына 2000-ға жуық жол жұмысшы мен 1500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. аумақтардың қары күреледі.

Жиналған қар елордадағы 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

Қысқы кезеңнің басынан бері қаладан 4 600 000 текше метрден астам қар шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы