Елордадағы Жастар театрында ерекше премьера өтті
Елордадағы Жастар театрында «Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан!» драмасының премьерасы қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетерлігі, қойылым авторлары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев және Нариман Төребаев.
Драмаға тіршіліктің тауқыметінен ерте есейген ұлдың тағдыры арқау болған. Әке мен бала арасындағы көзге көрінбейтін нәзік байланыс турасында ой толғайды. Жалғанның бір сәттік қызығына мастанып, перзентінің тәрбиесіне араласпаған әкені сергелдеңге салып, тұңғиыққа батырған мұң көркем бейнеленген.
Драманың қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбай.
Қойылым ілеспе аудармамен қамтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қарауылкелді-Оймауыт» автожолында қозғалыс қалпына келтірілді
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы