Елордадағы жартылай марафонға әлемнің 24 елінен келген 4 мың әуесқой спортшы қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Nur-Sultan Half Marathon бірінші жартылай марафоны өтті. 

Жүгіру EXPO аумағынан басталды, онда Қазақстаннан және әлемнің 24 елінен келген 4 мың әуесқой спортшы Нұр-Сұлтанның ең әдемі жерлерімен жүгірді.

Барлық қатысушыларды Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев қарсы алды. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық "Жүрек орталығының" директоры Татьяна Иванова-Разумова мен жарыс директоры Салтанат Қазыбаева сөз сөйледі.

Марафон қорытындысы бойынша ерлер арасында 21 км-де Ринас Ахмадеев жеңімпаз атанды. Оның финишке жету уақыты-1 сағат 2 минут 54 секунд. Бұл Nur-Sultan Half Marathon трассасының 21,1 км-дегі жаңа абсолютті рекорды.

Көшбасшылар абсолюттік есепте 21 шақырымға ақшалай жүлде қорын өзара бөлісті: бірінші орын - 450 мың теңгеден, екінші орын - 400 мың теңгеден, Үшінші орын - 350 мың теңгеден. Жас санаттары бойынша жеңімпаздар (10 км және 21,1 км) серіктестерден сыйлықтар алды.

Өз күшін сынау үшін Алматыдан келген жарыстың финалистерінің бірі Руслан Облов жартылай марафонды ұйымдастыру және трассадан алған әсерлерімен бөлісті.

Жүгірумен көптен бері айналысып келемін. Мен бұл трассаны таңдадым, өйткені ол Алматымен салыстырғанда өте жеңіл, биіктігі өте төмен, рекордтар үшін дәл келетін жол. Бүгін мен 10 км қашықтықта жеке рекорд орнаттым, алдыңғы жеке рекордымды осыдан он жыл бұрын, Қазақстан чемпионы болған кезде орнаттым. Қазір мен әуесқоймын және жұмысты жаттығулармен үйлестіремін, бұл өте қиын. Бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіме болар еді, бірақ ұйқымның қанбауы және толқығаным кедергі келтірді, - деп өз ойымен бөлісті спортшы.

Ол сондай-ақ осындай спорт мерекесі үшін марафон ұйымдастырушыларына алғыс айтты.

Айта кету керек, бүгін жарысқа Қазақстаннан және әлемнің 24 елінен 4 мыңнан астам адам шықты.

Мәреге жеткеннен кейін барлық қатысушыларды сахнада музыкалық топтардың орындауымен жеңімпаздарды марапаттау, сондай-ақ жартылай марафон серіктестерінің ұтыс ойындарымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды.

Айта кетейік, марафон алғаш рет Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шарада қауіпсіздік жедел медициналық жәрдем көліктерімен, Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен, веломедиктермен, ТЖД және полиция көліктерімен қамтамасыз етілді.

 Старттағы, сондай-ақ тас жолдағы тазалықты қалалық қызметтер қамтамасыз етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы