Елордадағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ПД Жедел әрекет ету орталығының бейнекамераларына Қабанбай батыр даңғылындағы BaoBao түнгі клубының алдында болған төбелес түсіп қалған.
Төбелес таңғы сағат 5:15-те болған.
Оқиға орнына полиция патрулі барып, төбелеске қатысушылардың барлығын ұстап, «Есіл» ауданындағы полиция бөліміне жеткізді.
Жастар бір-бірімен сөзге келіп қалған, арты төбелеске ұласып кетен. Ұсталғандардың барлығы мас күйінде болған. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты 440-бап бойынша әкімшілік іс қозғалды (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу), - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар карантин режимін бұзғаны үшін мекеме иесі ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
UNICEF-тің Қазақстандағы өкілдігімен кездесу өтті
Өзгелердің жаңалығы