Елордадағы үлкен айналма жол учаскесі 5 айға жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Солтүстік-Батыс айналма жолының 1,4 шақырымынан бастап 6 шақырымына дейінгі учаскесі жабылады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысы филиалының ақпаратына сәйкес, республикалық маңызы бар Р-10 Нұр-Сұлтан қаласының Солтүстік-Батыс айналма жолының 4 шақырымындағы апатты жағдайға байланысты аталмыш жолдың 1,4 шақырымынан бастап 6 шақырымына дейінгі телімі 25 наурыздан 15 тамызға дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылмақ.
Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы тұрғындары мен қонақтарына, сондай ақ барлық транзиттік жүргізушілерге балама жолдың барын ескертеміз. Жеңіл көлік иелері қала ішімен, яғни Лесозавод елдімекені арқылы жүре алады, ал жүк көлік иелері үшін Шығыс айналма жолы бар,– деп ескертеді компаниядан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл елімізде 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Өзгелердің жаңалығы