Елордадағы романтика. Жігіт сүйіктісіне гүлді 5-қабаттың терезесінен табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде елорда тұрғынының сүйіктісіне тосынсый жасау үшін кранның көмегімен 5-қабатқа көтеріліп, гүл сыйлаған видеосы жұртты тамсандырған.
Видеодан краны бар арнайы көлік гүл құшақтаған ер азаматты 5-қабатқа дейін көтереді. Осылайша, ер азамат самалдықтың терезесінен ғашығына гүлін табыстайды. Бұл видеоға «Лифт істемей ме?», «Бітіпті ғой бала, шаруаң» деген әзіл-шыны аралас пікірлер жазылған. Осы орайда қызмет көрсеткен жүк көлігі ТЖМ-нікі емес пе екенін сұрап білдік.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, министрліктің өрт сөндіру көліктері мұндай қызмет түрін көрсетпейді.
Көбіне ондай қызметті жеке меншік көліктер көрсетеді. Оның түсі қызыл болғандықтан адамдар ТЖМ көліктерімен шатастырады. Министрлік құрамындағы көліктердің арнайы эмблемасы мен белгілері бар, - деді Талғат Уәли.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы