Елордадағы Қосшығұлұлы көшесі 10 маусымға дейін жартылай жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Шаймерден Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Ағымдағы жылдың 1-10 маусым аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Кенжебек Күмісбеков көшесінен Шабал Бейсекова көшесіне дейін Шаймерден Қосшығұлұлы көшесінің учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Индер ауданында 43 тұрғын үй пайдалануға беріліді
Өзгелердің жаңалығы