Елордадағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Үлкен Талдыкөл көлінің аумағында кешеден бері өртеніп жатқан қамыстан шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт аумағы 6,5 гектарға жеткен.
Кеше сағат 15:03-те Қорғалжын тасжолының бойында, Үлкен Талдыкөл көлінің маңында жетуге жолы қиын шалшықтанған аумақта қамыс өртенді. Бүгін өрттің жалпы көлемі шамамен 6,5 га жетті. «Астана Орманы» МКК күшімен өртті сөндіру жұмыстары қолға алынды. Оған ТЖД мен коммуналдық қызметтен 122 адам мен 30 бірлік техника жұмылдырылды. Нұр-Сұлтан қаласына өрттің таралу қаупі жоқ. Бүгін сағат 08:09-да елорданың әуеайлағынан өрт сөндіруге «Қазавиаспас» АҚ МИ-8 тікұшағы тартылды, - деп хабарлады ТЖМ.
Бұған дейін өрт шамамен 1 гектар жерді шарпығандығы туралы хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы