Елордадағы мешіт құрылысында металл конструкциясы құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мешіттің құрылысы жүргізіліп жатқан объектіде монтаждалған металл конструкциясы құлады.

Онда жаңа мешіт құрылысының аумағында металл конструкциясынан жасалған «ферма» құлаған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті. 

Монтажшылар конструкцияны дәнекерлеуге алып, кранды шешіп, толық дәнекерлеу жасамақ болған.

Құрылысшылар құлаған сәтте түскі үзілісте болды. Қазір «Сембол құрылыс» бас мердігерімен тексеру жөніндегі комиссия құрылуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шақыру орнына өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері шықты, - делінген хабарламада.

Конструкцияның құлаған түсірілген сәт әлеуметтік желіде жарияланды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы