Елордадағы марафонға 4000 қатысушы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда «Astana Marathon 2019» қайырымдылық марафоны өтеді. Жарыс 42,2 шақырым және 10 шақырым қашықтықта ұйымдастырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Марафонға жасы 18-ден (42,2 шақырым) және 16-дан (10 шақырым) асқан кез келген адам қатыса алады. Жарысқа қатысу үшін Astana Marathon сайтында онлайн тіркеліп, 4000 (10 шақырым) немесе 8000 (42,2 шақырым) теңге көлемінде жарна төлеу керек. Өтінім қабылдаудың соңғы күні 42.2 шақырым үшін – 1 қыркүйек, ал 10 шақырым үшін – 5 қыркүйек (23:59)", - делінген таратылған ақпаратта.Бүгінгі күні жарысқа қатысушы ретінде Қазақстан мен 25 алыс және жақын шет елден 4000-нан астам адам тіркелді. Бес элиталы атлет Astana Marathon тасжолының нәтижесін жаңартуды жоспарлап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда бұршақ жауып, дауыл соғады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы