Елордадағы Діндер съезін өткізуге 500 волонтер көмектеседі – Әшімбаев
Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Орталық Азия волонтерлері форумының пленарлық сессиясында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Орталық Азия волонтерлері форумының пленарлық сессиясында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Қазір Парламент Сенаты айналысып жатқан тағы бір мәселе- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу. Ол елордамызда 14-15 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 51 елден 100 делегат қатысады деп күтіліп отыр. Іс-шараға Рим папасы Франциск, Ислам университетінің бас иамамы, Израильдің раввинаты және өзге діни өкілдер қатысады, - деді Әшімбаев.
Ол атағандай, бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері қатысады.
Бұл съезд тарихи сәт болатыны анық. Оның басты мақсаты - бейбітшілік пен келісімді ілгерілендіру, ұлтаралық және конфессияаралық тұтастықты сақтау, қазіргі заманғы тәуекелдерге жауап беру. Жетінші съездің тақырыбы пандемиядан кейінгі діни лидерлердің адамзат өміріндегі әлеуметтік және рухани құндылықтарын дамытудағы рөліне арналады, - деді ол.
Әшімбаев осындай ауқымды шараны өткізуге волонтерлар тартылатынын айтты.
500-ден астам волонтер халықаралық шараны өткізуге көмектеседі. Ол құрамда осы жерде отырғандар да бар шығар. Осы сәтті пайдаланып волонтерлер тобына қосылып, тарихи шараға қатысуға шақырамын, - деді Мәулен Әшімбаев.