Елордадағы блок-бекеттерден фоторепортаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілгеніне бір айдан асты. Қазіргі таңда еліміз бойынша 260-тан аса блок-бекет бар. Оның 7-еуі Нұр-Сұлтанда болса, Алматы қаласы бойынша 26 блок-бекет қойылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласына кіреберіс пунктіндегі "Нұр-Сұлтан-Петропавл" автожолында орналасқан блок-бекет туралы әзірлеген фоторепортажда жазған болатынбыз.

Өздеріңізге мәлім, сәуір айының соңына дейін төтенше жағдай режимі ұзартылды.


Елдегі ахуал бойынша вирустың таралуын тоқтату мақсатында әр аймақта кіреберіс жерлерде блок-бекеттер орналастырылып, аймақтар да карантинге жабылды.


Елорда маңындағы блок-бекеттер тізімі:


№1 блок-бекет - Талапкер кентіндегі "Екатеринбург-Алматы" автожолында;

№2 блок-бекет - Нұр-Сұлтан қаласына кіреберісте ақы төленетін пунктегі "Нұр-Сұлтан-Петропавл" автожолында;

№3 блок-бекет - Қоянды кентіндегі "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолында;

№4 блок-бекет - Шығыс Ильинка тұрғын алабы ауданындағы "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" автожолында;

№5 блок-бекет - Қосшы кентіндегі "Нұр-Сұлтан-Киевка-Теміртау" автожолында;

№6 блок-бекет - Жібек Жолы кентіндегі "Екатеринбург-Алматы" автожолында;

№7 блок-бекет - Шұбар кенті, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожолында;


Сонымен қатар, ауыр жүк көліктері елорда маңындағы айналма автожолымен жүре алады.


Бүгінгі репортажымызда Шығыс Ильинка тұрғын алабы ауданындағы "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" автожолындағы және Шұбар кенті, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожолында орналасқан бекеттер туралы болмақ.


Кез келген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау кезінде жұмылдырылған азаматтар, яғни полиция қызметкерлері, дәрігерлер, санитариялық дәрігерлер ең бірінші өздері барынша қорғанулары керек.


Көріп отырғандарыңыздай, аталмыш бекетте барлық санитариялық нормалар сақталған.


Әлемдік тәжірибеде жасақталған нақты нұсқаулық бар. Полиция қызметкерлері сол нұсқаулыққа сәйкес қорғаныш құралдарымен қорғанады. 


Яғни, жұмыс барысында жеке гигиеналық қорғаныш киімдері, маскалар, қолға киетін қолғаптар, костюмдерімен міндетті түрде қамтылуы тиіс.


Бекеттегі медицина қызметкері қашықтан өлшейтін термометриялық құрылғылармен жабдықталған. Тиісті алгоритмге сәйкес жұмыс істеп жатыр.


Естеріңізде болса, 13 сәуірде BAQ.KZ cайтында шығатын "Желмая" бағдарламасына қонаққа ҚР ішкі істер министрлігінің өкілі Нұрділда Ораз келді

Бағдарлама барысында Ильинкадағы блок-бекеттің тыныс-тіршілігімен таныстық.


Нұр-Сұлтан қаласында блок-бекеттерде жұмыс бірқалыпты жүріп жатыр. 


Блок-бекетте тұрған медицина қызметкерлері арнайы қорғаныш киімдерін киіп алып, посттан өтетін азаматтарды медициналық тексерістен өткізуге дайын тұр.



Бекеттердегі полицейлер қалаға кіретін көліктерді жіті тексеріп, рұқсаты бар азаматтарды ғана өткізеді.



Елордаға Нұр-Сұлтанда "пропискасы" бар келушілер ғана өте алады. 



Осылайша, қалаға кіруге рұқсат алғандар 14 күндік үй карантиніне жатқызылады.



Күні-түні ел тыныштығын сақтап, блок-бекеттердегі тәртіпті бақылап жүрген полицейлерге алғыс білдіреміз.


Айта кетейік, дәл қазіргі ахуал бойынша елімізде инфекция жұқтырған 2070 жағдай тіркелсе, олардың 505-і емделіп шықты, ал 19-ы қайтыс болды.

Осы ретте BAQ.KZ редакциясы қазақстандықтардан карантин тәртібін сақтап, өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығына зиян тигізбеу үшін үйде қалып, сайттың жаңа фоторепортаждарын тамашалап отыруға кеңес береді. Аман болыңыздар!



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы