Елордадағы бейнекамералар арқылы қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2023 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын 170 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бастығы Қайрат Раушанов айтты.

Бүгінгі таңда үлкен қалаларда қазіргі заманғы бейнебақылау жүйелерінсіз қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетігін елестету мүмкін емес. Жалпы ауданы 800 шаршы метрден асатын елорда аумағында жоспарлы түрде мыңдаған бақылау камерасы орнатылып жатыр, олардың көбі күнделікті жұмыста үлкен оң нәтиже беретін цифрлық бейнебақылау жүйелері, - деді Раушанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 24 мыңнан астам бейнебақылау камерасы елордалық полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылды.

Сонымен қатар қызметкерлер кәсіпкерлік нысандар мен басқа жерлерде орнатылған 42 мың камера арқылы жұмыс істеуге қол жеткізе алады. Жыл басынан басынан бері камералардың көмегімен 1464 қылмыс ашылды, оның ішінде 8 қарақшылық шабуыл, 81 тонау, 30 автокөлік ұрлау, 1063 жеке мүлікті ұрлау. 24 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық, оның ішінде 3655 ұсақ бұзақылық, 6993 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу фактілері анықталды. «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені камераларының көмегімен 641 706 құқық бұзушылық тіркелді, - деді ол.

Раушанов атағандай, елорда аумағында бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Елорда тұрғындары мен қалалық қызметтерден келіп түскен ұсыныстар негізінде Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте қаланың шет аймақтарын, жаңа құрылыстарды, аулаішілік аумақтарды, азаматтар көп жиналатын орындарды, білім беру нысандарын камералармен жабдықтау жоспарланған, - деді Жедел басқару орталығының бастығы Қайрат Раушанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы