Кеше 2026, 21:09 Фото: freepik

Елордадағы айналмалы шолу дөңгелегінде өрт шықты: 7 адам құтқарылды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Астананың Нұра ауданында, Қорғалжын тас жолы бойында орналасқан айналмалы шолу дөңгелегінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өрттің дөңгелектің орталық бөлігіндегі электр қоректендіру қалқанынан тұтанғанын анықтады.

Құтқарушылардың мәліметінше, адамдарға қауіп төнбеген және өрттің таралу қаупі болмаған. Өрт Vario портативті өрт сөндіру жүйесінің көмегімен қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді.

Келушілер дер кезінде эвакуацияланып, аттракционнан қауіпсіз түрде түсірілді. Оқиғадан кейін шолу дөңгелегі штаттық режимде жұмысын қайта бастады.

ТЖМ күштері 7 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.