Елордадағы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы алдағы сенбі, яғни 19 маусым күні де жалғасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, ақын Ерлан Жүніс қатысады. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, ән де айтылмақ.

Айта кетейік, елордамызда алғаш рет «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы кітапхана» бастау алған болатын. Алдағы жаз маусымына арнайы ұйымдастырылған бұл іс-шара әр сенбі сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

«Ашық аспан астындағы кітапхана» әдеттегідей Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшесінің қиылысында орналасқан Қаламгерлер аллеясында өтеді. Басталуы сағат 11:00-де.

Аталған іс-шара қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы