Елордадағы адам шомылатын өзендердің сапасы сын көтермейді - СЭС

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Әлсия Кәшкенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл да әдеттегідей 1 маусым күні шомылу маусымы ресми түрде ашылып, ол қыркүйекке дейін жалғасады. 

Суға түспес бұрын, ол жерде шомылуға қауіпсіз екенін анықтап алған дұрыс. Жағажайдың түбін алдын-ала тексеріп, сондай-ақ төтенше жағдайда көмекке келетін адам табылатынана көз жеткізіп барып шомылуыңыз керек. Отбасының қауіпсіздігі үшін арнайы шомылу орындарында демалған  дұрыс. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазғы кезеңде қала шегінде орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орын ретінде пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасына зертханалық зерттеулерге су іріктеумен мониторинг жүргізді, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол тексеріс қорытындысымен бөлісті.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінен және Нұра-Есіл арнасынан алынған барлық су сынамаларында санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Атап айтқанда, түсі бойынша 2,71 есе, темір мөлшері бойынша 2,3 есе және оттегін химиялық тұтыну бойынша (ХПК) 1,87 есе асып кету анықталды. Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни мүмкіндігінше тезірек гигиеналық душ қабылдап және ешқандай жағдайда су қоймаларынан су ішпеу керек, - деді Әлсия Кәшкенова. 

СЭБД өкілі тұрғындарға белгіленбеген жерлерде шомылмауды ескертті. 

Белгілі бір жерде шомылып, демалу үшін су айдындарындағы судың сапасын өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілген аймақтарды ғана таңдаңыз. Бұл сізге денсаулығыңыз үшін еш уайымдамай, толыққанды, сапалы демалуға кепілдік береді. Сондай-ақ, су қоймасында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге жіті назар аудару қажет, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы