Елордадағы №111 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордадағы сайлау учаскелері дауыс берушілерді қабылдауға дайын.

Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесі өз жұмысын сағат 7.00-де бастады.

Сағат 7.00-ге сайлау учаскесінде бюллетеньдерді санау рәсімі өтті. 

Сайлау учаскесінде 2 744 сайлаушы тіркелген.

Кітапханада ашылған сайлау учаскесінде барлығы 2 771 бюллетень бар.

Сайлаудың қалай өтіп жатқанынан ақпарат тарататын бұқаралық ақпарат өкілдері редакция тапсырмасын көрсетіп, тіркеуден өтіп жатыр.

Сайлау учаскесіне байқаушылар да келіп үлгерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Алдыңғы жаңалық
Ерлан Қарин дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы