Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылып, бу клубтары жолды жауып тастады.

20 ақпан күні сағат 10:45-те Қосшығұлұлы көшесі ауданында диаметрі 500 мм жылу трассасы жарылды. Осы учаскені тексеру кезінде ТМ-43-те тесілген жер анықталды. Көлік қозғалысында өзгерістер жоқ, - деп хабарлады «Астана-Теплотранзит» АҚ баспасөз қызметі.

Қазір тесілген жерді жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, жылу трассасының бұзылуы туралы әлеуметтік желіде видеолар тараған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы