Елордада жылдық жәрмеңке қайта жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жыл бойы өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесі 21 қаңтардан бастап өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті тауарлар, сондай-ақ көрші облыстардың ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға арзан.
Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге қатысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге 8 7172 61 35 54 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Жәрмеңкенің мекенжайы: «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109.
Жұмыс уақыты: күн сайын 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Омикрон. Дәстүрлі форматта оқыту қалай жүргізіледі?
Өзгелердің жаңалығы