Елордада жыл басынан бері 93 егіз және 3 үшем дүниеге келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алты айда қалада 14 012 бала дүниеге келді деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алты ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 14 012 бала дүниеге келді, - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Татьяна Бишораева.

Қызық дерек: бала туу көрсеткішінің төмендігіне қарамастан, аталған кезеңде елордада егіздер мен үшемдер көп дүниеге келген. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы аталған уақыт бойынша – 77) және 3 үшем (2019 жылы 1) дүниеге келді. Күн сайын елордада 60-тан 110-ға дейін бала дүниеге келеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы