Елордада жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегенов мәлімдеді.
Тәртіп сақшылары 110 алаяқты ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Олар 150 млн теңге сома залал келтірген.
Кибер алаяқтықтың алдын алу үшін біз онлайн хабарландыру платформаларымен бірігіп жұмыс істейміз. Сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды айла-амалдардан сақтануға шақыратын бейнероликтер көрсетеміз. Ал қылмыстық істердің ашылуы біраз уақыт қажет етеді. Себебі алаяқтар көбінесе ақшаны шетелдік есепшоттарға аударуды сұрайды. Біз сол жақтың құқық қорғау органдарына хабарласып, мәлімет аламыз, – дейді Талғат Бөлегенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қырғызстанда шылым шегуге тыйым салынды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы