Елордада жыл басынан бері 300-ге жуық адам АИТВ жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов хабарлады. Оның айтуынша, қауіпті індетті жұқтырғандар арасында ер адамдар басым болып отыр.

Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай онкүндік ұйымдастырылған болатын.

Онкүндік қарсаңында барлығы 285 адам ерікті түрде АИТВ-ға ауыз қуысы сұйықтығы бойынша немесе капиллярлық қан бойынша, яғни саусақтан қан бойынша экспресс-тестілеуден өтті. Ал жалпы биылғы 10 ай ішінде АИТВ-ға 276 699 тест өткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,3%-ға жоғары. АИТВ-ға тексерілу неғұрлым көп болған сайын жаңа жағдай да артуда. Жыл басынан бері АИТВ-ны жұқтырудың 277 дерегі анықталды. Оның 197-і – ерлер, қалған 80-і – әйелдер, - деп атап өтті орталық басшысы.

Сондай-ақ ол АИТВ-ның алдын алуға бағытталған жұмыстардың нәтижелі болуы үшін осындай қоғам назарын аударатын айтулы даталардың үлесі зор деп отыр.

Біз айтулы күндер аясында көптеген мемелекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен күш біріктіреміз.Осылайша, қоғам белсенділермен бірігіп қатерлі дерттен зардап шеккен адамдарды тиісті ақпаратпен, қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен қамтыдық. Дегенмен, мұндай жұмыстар тек медицина тарапынан ғана емес, азаматтық қоғам тарапынан қолдау табуы тиіс. Тіпті, кез келген адам өз денсаулығын нығайтуға жан-жақты үлес қосуы тиіс деп санаймын, - деді Сәбит Әбдірайымов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы