Елордада жүргізуші автокөліктің мемлекеттік нөмір белгісін жасырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Патрульдік полиция аумақты патрульдеу кезінде Қошқарбаев-Төлебаев көшелерінің қиылысында тіркеу нөмірі белгісінсіз кетіп бара жатқан Lexus IS 300 маркалы автокөлікті байқап қалған.

Полицейлер жүргізушіні тоқтатып, автокөлікте көліктің нөмір белгісін айқындауға кедергі келтіретін арнайы рамканың орнатылғанын анықтаған. 24 жастағы жүргізуші мемлекеттік нөмірдің сандық және әріптік белгісін жасыруға мүмкіндік беретін, қолмен реттелетін қайырмалы рамка орнатып алған, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік құралын мемлекеттік нөмір белгісін айқындауға кедергі келтіретін арнайы құрылғыларды қолдана отырып басқарғаны үшін жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен жүргізушіге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалады.

Қайырмалы рамка тәркіленді, жүргізушінің автокөлігі коммуналдық автотұраққа қойылды. Полицейлер көлік құралын өзгертілген нөмір тағып басқаруға тыйым салынатынын ескертеді. Оларды жасыруға немесе айқындауға кедергі келтіруге заңмен тыйым салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы