Елордада жөндеу жұмысына байланысты бір көше ішінара жабылады

Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты Астанада 12-17 шілде аралығында Республика даңғылынан бастап С. Рақымов көшесіне дейінгі учаскедегі Ә.Жангелдин көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы