Елордада жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы шеңберінде полицейлермен өткізілетін барлық іс-шаралардың басым бағыты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру және жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін азаматтардың назарын автожолдардағы жарақаттану проблемаларын шешуге бағытталады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері, бірінші кезекте – жүргізушілердің тәртіпсіздігі соның салдарынан қарама-қарсы жүріс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын арттыру, маневр жасау қағидалары бұзу, сонымен қатар көлікті көп жағдайда шаршаңқы күйде басқару деген сияқты құқық бұзушылықтар орын алады.

Елордада жыл басынан бері жол-көлік оқиғалардың саны 24,5 пайызға, зардап шеккендер саны 29,3 пайызға артқан. Қабылданған шаралар жолдардағы өлім-жітім көрсеткішін 41,7%-ға төмендетті.

Елорда жолдарындағы өлім-жітім, жазатайым оқиғалар мен көлік кептелісін азайту мақсатында бірқатар нақты шаралар атқарылуда.  Жол-көлік оқиғаларының себептерін және жол-көлік оқиғасы орын алған жерлерде қалыптасқан қозғалыс жағдайын зерделей отырып, 67 учаскеде бағдаршамдардың жұмыс режимдерін өзгерту бойынша шаралар қабылданды.  22 қиылыста «тыныштандыру» режимі енгізілді, яғни қызыл сигнал барлық бағыттар үшін бір уақытта 6 секундқа дейін қосылады. Мәселен, осы режим енгізілгенге дейін Бөгенбай батыр - Жеңіс қиылысында 315 жол-көлік оқиғасы орын алып 22 адам зардап шекті, режим енгізілгеннен кейін зардап шеккендермен ЖКО тіркелген жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланып, көлік жүргізу құқығынан айырылған көлік жүргізушілерін, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қарызы бар тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.

Жүргізушілерден жол жүрісі қауіпсіздігінің негіздерін – жүріс заңдылықтарын, қиын жол жағдайларындағы адамның мүмкіндіктерін және көлік құралының техникалық мүмкіндіктерін, сол сияқты оның жолмен өзара әрекеттесуін білу қажет. Егер осы қағидалар бұзылса, сіз ең құнды болып табылатын өмір мен денсаулықты жоғалтуыңыз мүмкін екенін ешқашан ұмытпаңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы