16 Мамыр 2021 2021, 08:46
Елордада жол апатынан көлік аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жол апатында көлік аударылды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жол апатында көлік аударылды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.
Апат 15 мамырда таңғы сағат 06.41-де болған. Subaru Forester автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен Қажымұқан көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кетіп, Lada маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Subaru Forester аударылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін жіберілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.