Елордада жол апатын тудырған адам оқиға орнынан қашып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Алматы» ауданының полиция қызметкерлері автокөлік ұрлады деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға қала тұрғыны түнгі уақытта сағат 03.00 шамасында Мұстафин көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан «Ауди 80» маркалы автокөлігі ұрланғаны жөнінде арызданады. Белгілі болғанындай, шағымданушының автокөлігіне дабыл жүйесі орнатылмаған, сонымен қатар ол есіктерін ашық қалдырып кеткен.

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті көлікті айдап әкеткеннен кейін 1 сағат өте рөлде ұйықтап кетіп, жолдағы шам бағанымен соқтығысады. Содан кейін ол ұрланған автокөлікті тастап, оқиға орнынан қашып кетеді.Қазіргі таңда аталған күдіктіге қатысты, айдап әкету фактісіне сәйкес ҚР ҚК 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.Ұсталған 18 жастағы жігіт көлік ұрлығын бірінші рет жасамағаны белгілі болды. Ол ағымдағы жылдың шілде айында екі автокөлікті айдап кеткені үшін бас бостандығын айырылып сотталғаны мәлім болды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы