Елордада ЖИТС жұқтырғандардың 64%-ы – 20-39 жас аралығындағы жастар
Мамырдың әр үшінші жексенбісінде әлем ЖИТС-ауруынан қайтыс болғандарды еске алады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АИТВ-ның таралу тарихы ауыр тәжірибелерге толы. Бірақ бүгінде ғылым мен медицинаның жетістіктерінің арқасында ондаған мың адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
Елордада соңғы он жылда ЖИТС-тен өлім-жітім екі есе азайды. Бұның бәрі диагноз қойылғаннан кейін бірден қолжетімді антиретровирустық терапияның арқасында. Бұл туралы қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Асқаров айтып берді.
Статистикаға сүйенсек:
- Астанада АИТВ-ның 3 мыңдай жағдайы тіркелген;
- жыл басынан бері бұл көрсеткіш 142-ні құрайды;
- жұқтырғандардың 64%-ы 20-39 жас аралығындағы жастар;
- басым жұғу көзі – жыныстық жол (90%-дан астам).
Елордалық дәрігерлер АИТВ-инфекциясының алдын алу тәсілдерін өзгерте бастады. Скринингке, диагностикаға және емдеуге ерекше назар аударылатын жаңа стратегиялар (95-95-95) анықталды. Іс жүзінде бұл «Табы, Сынау, Емдеу және Сақтау» тұжырымдамасын жүзеге асыруды білдіреді.
Мәселен, емханаларда клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеу белсенді жүргізілуде. Нәтижесінде 80%-дан астамы ерте кезеңдерде анықталады. Халықтың негізгі топтары үшін ҮЕҰ базасында экспресс-тестілеу енгізілді. Индекстік тестілеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері барлығы 100 мыңнан астам адам АИТВ-ға тексерілді.
Алдымызға қойған жаңа мақсат – жаңа технологияларды, дәрілік нарықта жаңа препараттарды және неғұрлым жеңілдетілген емдеу схемаларын енгізу.