Елордада жер үйлерге улы газды анықтайтын құрылғы орнатылды

Елордалық ТЖД қызметкерлері жылыту маусымында жеке тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Профилактикалық жұмыс нәтижесінде 1500-ден астам әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы қамтылып, 308 улы газды анықтайтын датчиктер орнатылған.

Астанада 2024-2025 жылғы жылыту маусымының басталуымен тұрғын үйлерде 120-дан астам рейд өтіп, оның барысында 31 мың тұрғын үй аулааралық бақылаумен қамтылды. Бұл профилактикалық шараларға құтқарушылардан бөлек жергілікті атқарушы органдар, полиция және прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ "Астана жастары", "Lider.kz", "Қызыл жарты ай" және "Қанат" волонтерлік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, жылыту маусымы басталғалы бері орнатылған 400-ден астам улы датчиктер тексеріліп, оны қадағалау бойынша нұсқамалар берілді.

Сонымен қоса тұрғындарға жылыту маусымында пештерді, қазандықтарды, жылу генераторлары мен калоферлік қондырғыларды, үйді жылыту үшін пайдаланатын басқа да жылыту құрылғылары мен жүйелерін тексеру қажеттігі ескертілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы