Бүгiн 2026, 12:49 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Елордада жеңіл көлік өртеніп кетті

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел сөндіріп, зардап шеккендер болған жоқ.

Астананың Алматы ауданындағы Орхон көшесінде жеңіл автокөлік өртенді.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.