Елордада желіге 20 жаңа автобус шықты
31 тамызда Астана жолдарына 20 жаңа автобус шықты. Бағдарлар электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесінің жаңа жабдықтарымен жабдықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Олар №№ 3, 32, 15, 54, 56 және 61 бағдарларына қосымша қосылады.
Жүйені толық қосқанға дейін жол ақысын төлеу қолданыстағы тәсілдермен жүзеге асырылады: QR-код және «Transcard» көлік картасы арқылы. Аталған тәсілдермен қатар, кейін екінші деңгейдегі банктердің банктік картасымен, NFC технологиясы арқылы және Bluetooth арнасы арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болады.
Жаңа жүйеге толық көшу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда арық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы