Елордада жексенбіде автобустар тоқтатылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні, 11 қазанда қоғамдық көлік қатынайтын болады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының салқындауына байланысты, сондай-ақ, елордамыздың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Бұл күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді. Басқа күндері қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
Автобустар мен автопарктерде әдеттегідей әр айналымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда «Егінжай күні» далалық семинар-кеңес өтуде
Өзгелердің жаңалығы