Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі, яғни 21 ақпан күні қоғамдық көлік жүреді, деп хабарлады City Transportation Systems.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне, жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүруіне рұқсат етіледі, – деп хабарлады City Transportation Systems.Автобусқа бетпердесіз кіруге және жолақыны қолма-қол ақшамен төлеуге болмайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мысырда әлемдегі ең үлкен мешіт салынады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы