24 Сәуір 2024 2024, 05:45 Фото: скрин

Елордада жеке тұрғын үй аумағынан өрт шықты

Сарыарқа ауданында жеке тұрғын үй мен жапсарлас салынған гараждың шатырында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарыарқа ауданында жеке тұрғын үй мен жапсарлас салынған гараждың шатырында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға сағат 01:57-де орын алған.

Сағат 02:34-те өрт 90 ш.м. алдын ала алаңда оқшауланып, сағат 04:22-де өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған ТЖМ мәліметінде.