Елордада жедел жәрдемнің телеграм-боты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Телеграм-бот 103 желісінің жүктемесін жеңілдетіп, азаматтардың өтініштерін қабылдайды.
Бұл бот Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел медициналық жәрдем қызметін шақыруға арналған, - делінген ботта.
Енді жедел жәрдем қызметін шақыру үшін @ns103bot мекенжайы арқылы өту жеткілікті. Мұндағы барлық диспетчер медициналық білімі бар, сондықтан қандай да бір ауруға қатысты нақты кеңес бере алады.
Бұған дейін, Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясың директоры Мұрат Оразбаев жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқанын, сол себепті 103 желісіне жүктеме көбейгенін мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШОБ-ты тексеруге 3 жыл мораторий енгізілді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы