Елорда жастарына 1 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін түлектердің алдында тұрған басты мәселелердің бірі – жұмыс. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астана жастары» ресурстық орталығы бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Оған «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті, «Цесна-Астық», «Нұрбанк» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, Industrial Innovation Group және т.б. сияқты 150 жұмыс берушіден 1000 астам бос жұмыс орны ұсынылды.Дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі — адамдарға лайықты жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге білікті кадрларды таңдауға көмектесетін жұмысқа орналастырудың тиімді әдістерінің бірі. Осындай іс-шаралар тоқсанына бір мәрте өткізіледі. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің жұмысқа орналастыру және кәсіби бағдар беру бөлімі әлеуметтік желілерде жұмыс пен қызметкерлерді іздеу бойынша ақпараттар жариялайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жанат Құрманов «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы