Елордада жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 28 тамызында "Жастар" сарайында жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
"Жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі Жастар жылы аясында өткізіледі. Оған 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Іс-шара 28 тамызда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді" - делінген хабарламада.
Жәрмеңке оқу орындарының түлектерін, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ жастарды жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнетақы қорындағы жинақты онлайн тексеруге болады
Өзгелердің жаңалығы