Елордада жас жігіт тұрғынның телефонын тартып алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицияға 18 жастағы қала тұрғынынан Біржан Сал көшесіндегі белгісіз біреудің оны қорқытып, ұялы телефонын алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіні байқап, оны аула жаққа қарай апарып, пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Қарағанды қаласынан ұстаған. Ол 20 жастағы қарағандылық азамат болып шықты. Қаскүнем өз кінәсін толық мойындаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы