Елордада жас ұстаз орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық 350 жас мұғалімді қабылдауға арналған, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
"Жаңа орталық - бұл жай ұстаздар тұратын орын ғана емес, бұл жас мұғалімдер сабақтан алған әсерлерімен бөлісетін, заманауи идеялар мен инновациялық білім беру жобаларын талқылайтын диалог алаңы. Елордалық жас мұғалімдер клубы мен көшбасшылардың резерв мектебі де осы жерде жұмысын жалғастыратын болады. Бүгінгі таңда 200-ден астам жас ұстаз кілттерін алып, қоныстана бастады", - делінген таратылған ақпаратта.Үміткерлер келесі критерийлер бойынша таңдалды: 1. Педагогикалық білім (үздік диплом алғандарға артықшылық беріледі). 2. Жалпы жұмыс өтілі 5 жылға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының білім ұйымдарында). 3. Нұр Сұлтан қаласында уйінің жоқтығы. 4. Үйленбеген және асырауындағы балаларсыз.
"Үміткерлерді таңдау кезінде педагогикалық қызметте жетістіктері бар және білім ұйымның қоғамдық өміріне қосқан үлесін ескеретін жас мұғалімдерге артықшылық беріледі. Білім басқармасындағы комиссия (оның құрамына кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі, БАҚ, ата-аналар қауымдастығы және т.б. кіреді) оқытушылар берген өтініштерді қарайды" - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Чехиялық шыны шебері Елбасыға ерекше сый тартты
Келесі жаңалық
Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылды
Өзгелердің жаңалығы