Елордада жас сарбаздар үшін Волонтерлер жылының ашылу салтанаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, "Астана жастары" ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен "Jas sarbaz – meıіrіmdіlіk bіrіktіredі" атты шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шара барысында "Жас сарбаз" тәрбиеленушілері өз жетістіктерімен бөлісіп, "Smart sarbaz" көрмесі ұйымдастырылады. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігі өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс депутаты, халық қаһарманы Бақытжан Ертайұлы, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
FlyArystan бір жылда 900 мыңға жуық билет сатты
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы