Елордада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

«15 сәуірде қалада жаңбыр жауады деп күтілуде. Оның  соңы қарға ұласуы мүмкін», - делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.

Сондай-ақ, тұман түсіп, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 Ауа температурасы +3 +5 градус жылылықты көрсетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90% құрайды.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы