23 Тамыз 2025 2025, 23:45
Фото: жеке парақшасынан
Елордада жаңа кәріз тазарту құрылғысы салынып жатыр
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында салынып жатқан кәріз тазарту құрылысы жайлы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында салынып жатқан кәріз тазарту құрылысы жайлы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тәулігіне 254 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазарту құрылысында (№ 1 КТҚ) тазартылады.
Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны шамамен 2 млн 275 мың адамға жетеді.
Бұл шаруашылық-тұрмыстық ағынды судың едәуір артуына және қосымша тазарту құрылыстарын салу қажеттігіне алып келеді. Осыны ескере отырып, қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын (№ 2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды. № 2 КТҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 188 мың м³ болады, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Қала үшін маңызды бұл нысанды 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр.