Елордада «Жанұя» орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "ЖАНҰЯ" атты отбасы институтын қолдау орталығы ашылды.
"Жанұя" орталығы "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді біріктіріп, отбасылармен жеке жұмыс жүргізеді. Аталмыш орталық астаналық отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді.Орталықтың ашылуына ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келді.
«Мемлекеттік органдар халыққа, әсіресе отбасыларға қызмет етуі керек. Мүмкіндігінше отбасылар барлық көмектерді бір жерден алуы керек. Бүгін елордада алғаш рет отбасыларға қызмет көрсететін орталық ашылды. Нұр-Султан қаласының әкімі Алтай Көлгінов демеушілерді, кәсіпкерлерді тартып, барлығы 100 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтармен жөндеуден өткізді. Мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша 50-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қызметтер барлық түрлерге ұсынылады. Мысалы, білім беру, денсаулық сақтау. Қосымша консультациялар, бизнес-тренингтер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, біз азамат өзінің жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алуы керек», - дейді вице-премьер Бердібек Сапарбаев.
Орталықтың "Open space" алаңы барлық қажетті қызметтерді біріктіреді. Атап айтқанда, астаналық тұрғындарға жұмыс табу, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша нақты және толық ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй алу мәселелері, бизнесті ашу және мемлекеттік қолдау алу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қадамдық және жүйелі кеңес немесе көмек көрсетеді. Орталықта 12 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыс істейді, олар 70-тен астам қызмет көрсетеді.
Атап айтқанда, орталық мамандары қала тұрғындарына АӘК алу, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналастыру, жаппай оқыту бағдарламасына қатысу, балабақшаға кезекке қою, қамқоршылықты орнату, жәрдемақылардың барлық түрлерін және т. б. алу мәселелері бойынша қызмет көрсететін болады.
Мұнда "Кәсіпкер ана" деп аталатын аналарға арналған, олардың бизнесін дамыту жөніндегі қолдау орталығы да орналасқан. Оның мамандары көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға өз кәсібін ашуға жан-жақты көмек көрсететін болады.
Осы жұмыс аясында, мұнда өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісетін табысты "Self made" әйелдерімен мотивациялық бизнес тренингтер өтеді.
Сонымен қатар, орталықта қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары бекітілген кестеге сәйкес жүргізетін болады.
Орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қуаныш Жұмабек: Әліппе – ғылым анасы
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы