Елордада жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Елордада 24 қараша күні сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке елордада жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында үнемі өткізіліп тұрады. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК Республика даңғылы, 34 мекенжайында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы