Елордада жаңа бағыт бойынша автобустар жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жаңа №24А бағдары іске қосылды. Бұл туралы Smart Astana Bot қызметінде хабарланды.
Бұл бағдар "Өндіріс" (Лесозавод) шағынауданы тұрғындарының өтініші бойынша ашылған.Бағдар өз қозғалысын 2020 жылдың 10 ақпанынан бастады. Жаңа бағдардың №24 бағдардан айырмашылығы қандай? №24А бағдардың қозғалыс сызбасы негізгі бағдарға қарағанда қысқа. Жаңа бағдар тек "Өндіріс" ауданына дейін жүреді. Бастапқы аялдама – "Сусамыр көшесі", соңғы аялдама – "Бастау" ауданы, – делінген хабарламада.
Бағдардың қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Өскемен қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы